Негізгі Жаңалықтар 719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

719 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Түркістан облысында жыл басынан бері 700 мыңнан астам шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Өңір баспанамен қамту бойынша республикада төртінші орында тұр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында тұрғын үйлердің сапасы мен құрылыс қарқыны талқыланды.


Биыл республика бойынша 20,4 млн шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде, 1,25 млн шаршы метрі Түркістан облысының үлесінде. Қаңтаң айынан бастап өңірде 719 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылып, өсім 107 %-ды құрады. Қазір Түркістан қаласында 810 пәтерден тұратын 8 кредиттік тұрғын үй бой көтеріп жатыр.


АБАЙ ТҰРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жалпы құны 16,5 млрд теңгені құрайтын 8 кредиттік тұрғын үй бой көтеруде. 2026 жылы бюджеттен 14,5 млрд теңгесі қаралып, 10,8 млрд теңгесі игерілді. Бүгінгі таңда 8 үй тұрғызылып, шатырлары жабылды. Ішкі әрлеу және лифт орнату жұмыстары жүріп жатыр. Өндірістік кестеге сәйкес желтоқсан айынада пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Сонымен қатар облыста жалпы құны 29,5 млрд теңгеге 1 533 пәтерлі 37 кредиттік тұрғын үй сатып алу көзделген. Оның ішінде, Түркістанда – 1517 пәтер болса, Келесте – 16 пәтер. Бүгінгі таңда 1 098 пәтер сатып алынып, қалған 435 пәтерді қараша айына дейін сатып алу жоспарланып отыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауаптылараға сатып алынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын бақылауға баса мән беруді тапсырды.  


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқталуға тиіс. Тұрғын үйлерді сақтау және сатып лау рәсімдерін жеңілдету. 2026 жылғы бекітілген көрсеткіштерге толық қол жеткізуді тапсырамын.


Ал, облыс бойынша жеке салушылар тарапынан жалпы 3 105 пәтерлі 168 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 105 үй тапсырылса, қалған 63 тұрғын үй келесі жылы пайдалануға берілмек.

Бөлісу