Негізгі Жаңалықтар 41 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ЖЕМШӨП ДАЙЫНДАЛДЫ

41 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ЖЕМШӨП ДАЙЫНДАЛДЫ

41 МЛН ТОННАДАН АСТАМ ЖЕМШӨП ДАЙЫНДАЛДЫ

Биыл елімізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындады. Бұл алдағы қысқы қора-жай кезеңіне жоспарланған көлемнің 103,6 пайызын құрайды.


Жемшөптің негізгі түрлері бойынша жоспардың артығымен орындалуы қосымша қор қалыптастыруға және ауа райының қолайсыз жағдайларына дайын болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шаруашылықтарда өткен қысқы кезеңнен қалған жемшөп қоры да бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізіп жатыр. Барлық іс-шара жемшөп қорын уақтылы қалыптастырып, мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеткілікті азық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл алдағы қысқы қора-жай кезеңінің тұрақты өтуіне мүмкіндік береді.




Бөлісу