ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР СПОРТТА БАҚ СЫНАДЫ
Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі басталды. Балалардың қоғамға бейімделуіне және спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған додаға қала мектептерінен оқушылар жиналды. Олар бочча мен жеңіл атлетикадан бақ сынап жатыр.
Биылғы фестивальде спорттық сайысқа алғаш рет қатысып отырған оқушылар көп. Солардың бірі – Нұржамал Амангелді. №80 IT мектептің оқушысы боччаға қатысып, алаңда белсенділік танытты.
НҰРЖАМАЛ АМАНГЕЛДІ, №80 IT МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Бүгінгі әсерім өте жақсы. Себебі Шымкент қаласының мүмкіндіктеріне жақсы әсер етеді және қаланың жетістіктеріне көрсетеді деп ойлаймн. Дайындық өте жақсы. Боча түріне қатысамын. Бірінші рет қатысуым менің. Әсерім өте жақсы, себебі бұл спорт менде бірінші рет болып тұрғаннан кейін менде қобалжу бар. Бірақ мен өте қатты бірінші орын аламын деп қуанамын.
«Әділет» партиясының ұйымдастыруымен өткен спорттық додаға 3-8 сынып аралығындағы 150-ге жуық оқушы жиналды. Балалар бочча, «Біз жеңімпаз боламыз!» көңілді старттары және жеңіл атлетикадан өзара мықтыны анықтады. Әр сайыста қатысушылар ептілігі мен шапшаңдығын көрсетіп, командалық ойынның қыр-сырын меңгерді.
МҰРАТ ЖОЛДЫХОЖАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
2025 жылы Шымкент қаласы Республика деңгейдегі өткен жарыста бірінші орын иеленген болатыныз. Енді мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше мән беріп, олармен қарым-қатынас әрдайым жұмыс жасаймыз. Әділет партиясының ұйымдастыруымен әкімшілік, спорт басқармасы бар, жұмыспенн қамту бар. Барлық басқармалармен біресіп осында жасөспірімдерімізді қоғамға қалыптастыру мақсатында осынадй іс-шаралар өткізіп жатырмыз.
Фестиваль соңында жүлдегерлер диплом, медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық сайыста Шымкенттің намысын қорғайды. Айта кетейік, бүгінде қалада ерекше күтімді қажет ететін 8 мыңға жуық бала бар. Олардың қоғамға еркін араласуына және спортпен айналысуына мүмкіндік жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді.