Негізгі Жаңалықтар 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 150 орындық оңалту орталығы ашылды. Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бозарық шағынауданында бой көтерді.

Үш қабатты кешен 5,3 гектар аумақты алып жатыр. Орталық I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға жартылай стационарлық форматта қызмет көрсетеді. Мұнда оңалту корпусы, емдік бассейн, спорт және акт залдары бар. Сонымен қатар екі қабатты стационар, асхана және шеберханалар жұмыс істейді.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
Бұл – жай ғана бассейн емес. Мұнда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға оңалтуға қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Заманауи арнайы құрылғылар адамның қозғалысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Австриядан жеткізілген автоматтандырылған құрылғы церебралды сал ауруы мен инсульттен кейінгі науқастардың жүру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Орталықтағы медициналық жабдықтардың басым бөлігі шетелден әкелінген.

АЙДЫН НАШЕНОВ, ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Құрылыс 2024 жылдың желтоқсан айында басталған. Міне, мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

ЕРЖІГІТ САҒЫНБЕКОВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ

Медициналық орталыққа қойып жатқан аппараттарымыз шетелдік құрылғылар. Корея, Австрия, Италия, Германиядан келген.Ең ауқымды күрделі құрылғы осы. Бұл балалар мен ересектердің бұлшықеттерін жұмыс істетуге арналған.

Орталық қажеттілікке орай бой көтерді. Енді реабилитациялық қызметке мұқтаж азаматтар оңалту көмегін бұрынғыдан да қолжетімді ала алады.

ЖАНДОС ТҰРЛЫБЕКҰЛЫ, ДӘРІГЕР-РЕАБИЛИТОЛОГ

4,5 мыңнан аса 1-2 топ ерекше жандары бар қаламызда. Шаһарда 1 ғана мұндай орталық бар еді. 70 жатын орынға есептелген. Ал мынау 150 орынға лайықталып отыр.

Жаңа орталық оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мұнда азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғамға бейімделуіне қажетті жағдай жасалған.


Бөлісу