Негізгі Жаңалықтар ОТЫРАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

ОТЫРАР ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттері айқындалды. Тұрғындар өзін толғандырған мәселелерді ашық айтып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Өңір басшысы көтерілген мәселелерді тыңдап, тиісті жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді. Кездесуге келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын жеке тыңдап, қабылдау өткізді. Әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқанын атап өтті.  

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
2026 жылдың 8 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 67,5 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,6 пайызға артқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,3 млрд теңгеге жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 4,6 млрд теңгені құрады.Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 28,6 млрд теңгені, сауда көлемі 5,3 млрд теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 26,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға өскен. Құрылыс жұмыстарының көлемі 9,9 млрд теңгені құрап, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14,5 мың шаршы метрге жетті

Ауданда биыл Темір станциясын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға берілді. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы 600 орындық жаңа мектеп салынды. Биыл Балтакөл, Маяқұм және Көксарай ауылдық округтеріндегі 7 елді мекенді табиғи газбен қамту жұмыстары басталды. Жоба толық жүзеге асқанда аудан бойынша газбен қамтылған елді мекендер саны 29-ға жетіп, қамту деңгейі 78,4 пайызды құрамақ. Аудан әкімі баяндама жасап, атқарылған жұмыстардың есебін берді.

ҚАЙРАТ ЖОЛДЫБАЙ, ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыс әкімі былтыр аудан тұрғындарымен кездескенде 25 мәселе көтерілген болатын. Оның 19-ы шешімін тапты. 5 мәселе орындалу үстінде. Бір мәселе обективті себептермен орындалмады.

Кездесуден кейін облыс әкімі Нұралхан Көшеров тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері қаралып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.  

Бөлісу