Негізгі Жаңалықтар МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ 27 САРБАЗ АТТАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ 27 САРБАЗ АТТАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНЕ 27 САРБАЗ АТТАНДЫ

Шымкенттік 27 бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Олар Мемлекеттік күзет қызметінің сапын толықтырады. Күзгі шақырылым аясында әскер қатарына алынған жас сарбаздарды ата-аналары мен аға буын өкілдері ақ батасын беріп, шығарып салды. Елдің жауапты саласында қызмет етуге бел буған сарбаздар үлкен сеніммен жолға шықты.


Иманғали Әбілқасымұлы – әскерге өз еркімен аттанған жастардың бірі. Ол жоғары оқу орнындағы білімін уақытша тоқтатып, Отан алдындағы борышын өтеуді жөн көрген. Болашақта әскери қызметін жалғастырып, осы саланың маманы болуды жоспарлап отыр.


ИМАНҒАЛИ ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, ЖАС САРБАЗ
Мен президеттік охранаға әскери борышымды өтеу үшін өз еркіммен бара жатырмын. Мұхтар Әезов атындағы университеттің юрист мамандығында оқып жатырмын. Соны уақытша тоқтатып бір жыл борышымды өтеуге аттанып жатырмыз. Екінші курстан бастап тоқтатып жатырмын. Және деболашақта бір жылдан кейін келіп, жалғастырып ары қарай әскери өмір контарктник болып қалып жұмыс жасаймын деген ойда бар.


Жас сарбаздарды шығарып салуға келген ата-аналар да ақжолтай тілектерін білдірді. Нұргүл Жүнісова – өзі де әскери қызметші. Ұлы Полат Қуанышбекұлы да анасының жолын жалғап, Отан алдындағы борышын өтеуге шешім қабылдаған.


НҰРГҮЛ ЖҮНІСОВА, АТА-АНА
Мен қазір бүгінгі күнде ұлымды жіберіп отырмын. Полат Қуанышбекұлын. Енді өзім әскери қызметші боылп табыламын. Балам да сол міндетімді атқарамын деп отын алдындағы борышын өтеуге кетіп жатыр.  Менің ұлым колледж бітірді. Колледжден кейін оқ орнына түс дегенде жоқ мен әскерге барып қайтамын деп оқуын кейінге қалдырды.  


Мемлекеттік күзет қызметі жоғары тәртіп пен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан мұнда сарбаздарды іріктеу талаптары да қатаң. Биыл Шымкенттен аттанған 27 сарбаздың барлығы физикалық және моральдық тұрғыдан дайындықтан өткен. Олар Астана қаласында әскери қызметін өтеп, елдің маңызды нысандары мен жоғары лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады.


ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ
Бізге берілген тапсырысымызды ойдағыыдай атқардық. Тапсырысымыз 27. 27 адамды біз қойдық. Бүгінгі таңда біз  күзгі әскерге шақыру науқаны басталып жатыр. Нарядты орындадық. Бүгінтолықтырып отырмыз. 11 ьқазанда кетеді Астана қаласына барады. Балалардың барлығы сақадай сай. Спортпен шұғылданған. Спорттық дәрежесі бар жігіттердің көбісі кетіп жатыр. Неге десеңіздер мемлекеттік күзет қызметін білесіздер. Мемлекет басшысының қарамағында барық жерлерге қойылады. Тапсырмалардың барлығын сақадай орындау керек.


Биыл Шымкенттен көктемгі шақырылым кезінде 1200-ге жуық жас әскери ант қабылдаған. Ал күзгі шақырылымда тағы 1300-ге жуық сарбазды әскер қатарына жіберу жоспарланған. Олар еліміздің әр өңіріндегі әскери бөлімдерде Отан алдындағы борышын өтейді.


Бөлісу