АРЫСТА СЕРВИСТІК ОРТАЛЫҚ БОЙ КӨТЕРЕДІ
Түркістан облысында теміржол саласын дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Арыс-Шардара тасжолының бойында салынып жатқан жаңа сервистік орталықтың құрылысымен танысты.
Францияның «Alstom» компаниясымен келісім аясында бой көтеріп жатқан бұл депо – елде салынатын төрт ірі орталықтың бірі. Жобаны «Электровоз құрастыру зауыты» жүзеге асырады. Жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайтын орталық 2,9 гектар аумақта орналасқан. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін нысан жылына 2 мың электровозға қызмет көрсетуге қауқарлы. Облыс әкімі өндірістің аймақ экономикасы үшін маңызын атап өтіп, жауапты мсмандарға бірқатар тапсырма жүктеді.
ОЛЖАС АХМЕТОВ, ALSTOM КОМПАНИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталған. Жобаның инвестициялық құны 3,5 млрд теңгені құрайды. 2,9 гектар аумақта орналасқан ғимараттың аумағы – 4 100 шаршы метр. Орталықты жыл соңына дейін іске қосу жоспарланған. Нысан жылына 2 мың электровозға сервистік қызмет көрсетуге қауқарлы. Жоба іске қосылғанда 100 жаңа жұмыс орны ашылады.