Негізгі Жаңалықтар ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ

ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ

ҰСТАЗ -ҰЛЫ ЕСІМ

Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның болашағына бағыт сілтейтін тұлға. Қазығұртта кәсіби еңбегімен шәкірттерін биік белестерге бастап жүрген педагогтарға құрмет көрсетілді. Аудандық мәдениет үйінде Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мерекелік жиын өтті. Үздік ұстаздар марапатталып, ардагер педагогтарға ерекше құрмет көрсетілді.

Жыл сайын дәстүрге айналған Ұстаздар күні биыл да кең көлемде аталып өтті. Аудандық мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлы есім!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Оған ауылдар мен ауылдық округтерден келген білім беру саласының қызметкерлері, ардагер ұстаздар қатысты.
Аудан ұстаздары кәсіби білімі мен біліктілігін дәлелдеп, шәкірттерін биік белестерге жетелеп келеді. Мұны білім олимпиадаларындағы нәтижелерден де көруге болады.


Аудандағы 80 білім беру және 2 қосымша білім беру мекемесінде 5 мыңға жуық ұстаз еңбек етеді. Ал 86 балабақшада 980 педагог жұмыс істейді. Өткен оқу жылында аудан оқушылары 8 республикалық, 6 халықаралық, 60 облыстық байқау мен олимпиадада жүлдегер атанды. Бұл жетістіктердің артында ұстаздардың тынымсыз еңбегі тұр.




Бөлісу