385 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейді. Биыл тоғыз айда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 2810 өтініш түскен. Еңбек заңнамасына қатысты 306 тексеру жүргізіліп, 385 заң бұзушылық анықталды.
Түскен өтініштердің барлығы заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті шешімдер қабылданған. Нәтижесінде 900-ге жуық жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды. Өтініштердің 2791-і еңбек қатынастарына, 19-ы еңбек қауіпсіздігіне қатысты болған.
ЖЕҢІС МАҚҰЛБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мысалы Онкология орталығы бар қалалық көп бейінді аурухана осы мекемеде жұмыскерге заңсыз берілген тәртіптік жазаның күші жойылды. Ұстаз жолы қоғамдық қоры тарапынан босатылған жұмыскердің бүйрығы жойылып қызметкері жұмысқа қайта орналастырылды.
Есепті кезеңде заң талаптарын бұзған тұлғаларға 68 әкімшілік айыппұл салынды. Оның 27-сі бойынша жалпы сомасы 9,6 миллион теңге бюджетке өндірілген. Бұдан бөлек, еңбек заңнамасын бұзудың алдын алу үшін кәсіпорындарда профилактикалық бақылау жүргізіліп жатыр. Тоғыз айда 29 кәсіпорын қамтылса, жыл соңына дейін тағы 17 кәсіпорында бақылау жүргізу жоспарланған.
ЖЕҢІС МАҚҰЛБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Есепті кезеңде 20 жазатайым оқиға орын алған. Нәтижесінде 31 жұмыскер зардап шекті. Өкінішке орай 3 кісі қаза тапқан. 16 жұмыскер ауыр 12 жұмыскер жеңіл жарақат алған.
Еңбек инспекторларының назарындағы тағы бір мәселе – жалақы берешегі. Қазір Шымкенттегі алты кәсіпорынның 66 жұмыскеріне 68,8 миллион теңге көлемінде жалақы қарызы бар. Берешекті өтеу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Ал төрт кәсіпорында оңалту және банкроттық рәсімдеріне байланысты жалақы қарызын өтеу мәселесі қаралуда.