Негізгі Жаңалықтар Б.ҚОНЫСБЕК: «ОҢТҮСТІК ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ АТАСЫ»

Б.ҚОНЫСБЕК: «ОҢТҮСТІК ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ АТАСЫ»

Б.ҚОНЫСБЕК: «ОҢТҮСТІК ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ АТАСЫ»

Шымкентте қазақ журналистикасының қарашаңырағында ұзақ жыл еңбек етіп, оңтүстік өңірдегі телеарна мен баспасөздің дамуына зор үлес қосқан ардагер қаламгер Байдулла Қонысбекті еске алу кеші өтті. Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған жиынға белгілі қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері мен студенттер жиналды. Кеште қаламгердің өнегелі өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен журналистикаға сіңірген еңбегі сөз болды.


Байдулла Қонысбек – көрнекті журналист, публицист, баспагер, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол отандық медиа саласының, әсіресе оңтүстік өңірдегі теледидар мен баспасөздің дамуына елеулі үлес қосты. Замандастары ардагер қаламгерді «Оңтүстік журналистикасының атасы» деп атаған.


РАУШАН СҰЛТАНБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КӨПШІЛІК КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Оңтүстік өңірде журналистердің атасы атанған, қазақстан журналистерінің абызы Байдула Қонысбектің 85 жылдық мерейтойына аарналған еске алу кеші. Ол Байдулла ағай саналы өмірін Оңтүстік Қазақстан газетінде содан кейінтелеарна негізін қалады. Сонымен бірге қаншама кітаптар естеліктер жазды. Айналасында жүрген  естеліктер арқылы қоғамның тыныс-тіршілігін атйып отырды. Өзінен кейінгі шәкірттер тәрбиеледі. Сонымен біргеол үйдегі ағамыздың жан жары Құттықыз апамыз қырық жылдай осы кітапханада еңбек етті.


Жиынға қатысқан әріптестері мен шәкірттері Байдулла Қонысбектің «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен телеарна саласындағы еңбегін еске алды. Қаламгердің журналистикадағы өзіндік мектебі мен шәкірт тәрбиелеудегі өнегесі де айтылды. Бүгінде Шымкент пен Түркістан өңірінде ардагер журналистің есімін ұлықтауға арналған түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып келеді.


ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, «МЕДИАКРАТИЯ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ
Байдулла Қонысбек көкеміздің туғанына 85 жылдығына орай іс-шаралар түркістанда түңілігін түрген. 4 өңір арасында бильярдтан турнир өтті. Шымкент Қызылорда, Жамбыл, Түркістан. Одан кейін «журналист жүрегі» деген кітаптың тұсауы кесілді. М.Әуезов атындағы зерттеу университетінде Б.Қонысбектің атындағы телестудияның тұсаукесері өтті. Бұның алдында да Әл-Фараби атындағы кітапханасында өтті. Бүгін Абай кітапханасында көкеміздің мұрасын, бүгінгі журналистикаға қалдырған аманатын, өсиетін насихаттау ұрпаққа үлгі ету мақсатындағы жақсы шара жалғасын тауып жатыр.


Кеш барысында Байдулла Қонысбектің көзі тірісінде жарық көрген кітаптары мен еңбектері таныстырылды. Замандастары қаламгердің қазақ баспасөзіндегі өзіндік қолтаңбасын, әділдік пен азаматтық ұстанымын еске алды. Оның мол мұрасы кейінгі буын журналистеріне бағыт-бағдар беретін тағылымды мектеп ретінде бағаланды

Бөлісу