Негізгі Жаңалықтар ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР

ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР

Мегаполисте ерекше қажеттілігі бар жастар арасында спорттық турнир өтті. «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясындағы сайысқа шаһардың 60-тан астам жасы қатысты. Олар шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен бақ сынады.

Жарыс жастардың спортқа қызығушылығын арттырып қана қоймай, қабілетін шыңдап, белсенді өмір салтына бейімделуіне мүмкіндік береді. Әр спорт түрінен 20-дан астам қатысушы өзара мықтыны анықтады.

АЙЗЕРЕ БАҚЫТҚАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
 Мен қазір Астана қаласында өтетін Жұлдыз ай жарысына дайындалып жүрмін.  Маған тенис ойыны қатты ұнайды. Бұған дейін қалалық жарыстарға қалысып 2-3 орын алдым. Жұлдызай жарысынан бірінші орын аламын деген үміттемін.

Қатысушылар жеңіске жету үшін бар күшін салып, шеберліктерін көрсетті. Жаттықтырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар жастардың өзіне деген сенімін арттырып, жаңа белестерге ұмтылуына серпін береді.

ҚУАТБЕК КЕЛҚАЗИЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Былтыр 2025 жылы Ақтөбе қаласында жастар арасындағы республикалық чемпионатта ұлдар қыздар командасы үшінші орын алды. Биыл орын ала алмай қалдық. №1 Интернат оқушыларымен жаттығу өткіземін. Бүгінгі жарысқа 30 оқушы қатысуда.

Турнирді қалалық Жастар басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жеңімпаздар Жастар ресурстық орталығында марапатталады. Үздіктерге теледидар, планшет және смартфон табысталады.

ҚҰРМЕТ КЕРІМБЕКОВ, «ЖАЛЫН» ҚБ ТӨРАҒАСЫ
Биылғы сәуір айынан жалғасып келе жатыр. Бүгінгі турниріміз атаулы күнге сәйкес келіп тұр. Қазан айының әр екінші жексенбісінде ерекше азаматтар күні өтеді бізде.

«Шексіз мүмкіндіктер» жобасы сәуір айынан бері жалғасып келеді. Басты мақсат – жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасап, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беру. Ұйымдастырушылар үшін әр қатысушының жеңісі – өзіне деген сенімнің артуы.



Бөлісу