Негізгі Жаңалықтар ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

Шымкенттегі Дендросаябақтың «Құрметті қонақтар» аллеясы жаңа көшеттермен толықты. Мегаполиске арнайы сапармен келген Венгрияның ресми делегациясы он жаңа шынар ағашын отырғызып, екі ел арасындағы достықтың белгісін қалыптастырды.

Ағаш отырғызу рәсіміне Дебрецен қаласының әкімі Ласло Папп бастаған Венгрия делегациясының мүшелері қатысты. Табиғатпен үндескен тағылымды шара шетелдік қонақтардың Шымкентке жасаған жұмыс сапары аясында жүзеге асты. Бұл – тамырын тереңге жайып, жыл сайын саясы мен сәнін арттыратын шынар секілді, екі қала арасындағы достық қарым-қатынасты берік орнатуға сеп болады.


БЕКСҰЛТАН ӘДІЛХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТУРИЗМ, СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР ЖӘНЕ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шымкенттен Будапешт қаласына тікелей әуе рейсі бар.Ал Дебрецен қаласы Будапешттен 200 шақырым жерде орналасқан.Осы тікелей әуе рейсі арқылы туристік әлеуетті арттырып, ынтымақтастықты жақсарта түсеміз.


Венгриялық делегация Шымкентке екіжақты іскерлікті дамытып, ынтымақтастық байланыстарды кеңейту үшін келді. Сапар аясында тараптар өзара ықпалдастық жайын талқылап, алдағы бірлескен жобалардың бағыттарын айқындады.


ЛАСЛО ПАПП, ДЕБРЕЦЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бұл – менің Қазақстанға жасаған алғашқы сапарым. Бұл қала бірден менің назарымды аударды, себебі Дебрецен мен Шымкенттің арасында көптеген ұқсастықтар бар екенін байқадық. Венгрия мен Қазақстан арасында тарихи байланыстар ежелден қалыптасқан, өйткені халықтарымыздың ортақ тамыры бар. Шымкентке келудегі басты мақсатымыз – екі ел арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ, халықтарымыз бен қалаларымыз арасында экономикалық, мәдени, достық және адами қарым-қатынастарды дамыту.


Шымкентке алғаш рет келген Ласло Папп мегаполистің даму қарқынына ерекше баға берді. Айтуынша, екі қала арасында тарихи, экономикалық әрі мәдени тұрғыдан ұқсастықтар аз емес. Шымкент пен Дебреценнің географиялық ерекшеліктері әртүрлі болғанымен, қос қаланың туризмді дамытуға деген әлеуеті жоғары. Кездесуде венгриялық тарап Қазақстанның өзге де өңірлерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білдірді.

Бөлісу