Негізгі Жаңалықтар 30 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

30 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛДЫ

Тұрғын үй кезегінде тұрған 30 отбасы баспаналы болды. Пәтерлер жеңілдетілген несие негізінде беріліп отыр. Жалпы, жыл басынан бері 3876 Шымкенттік қоныс тойын атап өткен. Жыл соңына дейін тағы 3000-ға жуық азаматқа  пәтер кілті табысталады.  

Жәмила Мамытова тұрғын үй кезегіне 2021 жылы тіркелген. Көпбалалы ана. Осыған дейін пәтер жалдап келген отбасының бүгін көптен күткен арманы орындалып, бір бөлмелі пәтерге қол жеткізді.

ЖӘМИЛА МАМЫТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ  
«Қуанышымызда шек жоқ! Біз бұл күнді ұзақ күттік. Бала-шағаның несібесі деп білемін.»

КСМ: Баспана кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Пәтерлер 2 және 5 пайыздық жеңілдетілген несие негізінде берілді.

СПИКЕР: КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
2 пайызбен кімдер алады? 1-2 топ мүгедектігі бар азаматтар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, мүгедек бала асыраушылар алады. Қалған санат азаматтарына 5 пайызбен беріледі.

КСМ: Баспаналар Бозарық шағын ауданынан берілді. Тұрғын үй басқармасы жыл соңына дейін тағы 3 мың пәтердің баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілетінін айтады.


Бөлісу