СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНА ІРІКТЕУ
Қылқалам шеберлері суретшілер одағына қабылданды. Бірақ, алдымен республикалық ұйымға лайықты екенін дәлелдеп, туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Кәсіби мамандардың сынынан өткен жұмыстар жоғары бағаланып, автор одақ құрамына қосылды.
Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді. Оған мына картиналар дәлел. Сезім сарайын сипап өтіп, жүректің жүгенсіз ноталарын басатын туындылар кісіні тылсым әлемге жетелейді. Көрмеге 4 үміткердің 35-ке жуық жұмысы қойылды. Оның үшеуі комиссия сынынан өтіп, суретшілер одағына ұсынылды.
ӘБДІМҮТӘЛІП АХМЕТОВ, ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ
«Бізге таланттар керек. Шын мықтыларды іріктеп, одақ құрамына қоспақпыз.»
Асель Анвардың шығармашылығында ұлттық бояу қанық көрінеді. Ол отбасылық құндылықтар мен адамгершілік тақырыбын бейнелейді. Одаққа мүше болудағы мақсаты өз шығармашылығын әрмен қарай ұштап, жетілдіре түсу.
АСЕЛЬ АНВАР, СУРЕТШІ
Жасанды интеллект дәуірінде қолмен салынатын шынайы суреттердің бағасы қымбат, құндылығы басым деп ойлаймын. Мен шығармашылығымды көптің назарына ұсынып, сұлу өнерді көпке насихаттауды қалаймын.
Келушілер өнер туындыларын қарап, шынайы бағасын берді. Үздік жұмыстар мамандардың оң бағасын алып, авторлар одақ қатарына қосылды.