ШЫМҚАЛАДАҒЫ КҮЗГІ ЖЫР
Шымкентте қазақ әдебиетінің көркемдік қуатын дәріптеп, жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен танытуға арналған «Шымқаладағы күзгі жыр» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті. Қалалық жазушылар одағы ұймдастырған жиынға зиялы қауым өкілдері жиналды. Түрлі тақырыпты қаузап жүрген қаламгерлер отты жырларын оқып, көрерменге рухари кеш сыйлады.
Күз – көңілдің бояуы қанығып, ойдың тереңіне бойлайтын ерекше мезгіл. Ал сол шақтың сырын өлеңмен өрнектеп, туған қаланың тынысын жырға қосу – сөз өнеріндегі биік міндеттерінің бірі. «Шымқаладағы күзгі жыр» шығармашылық кешінің мазмұны да осы рухани үндестіктен бастау алды. Мұнда әдебиет ұлттың рухани жадын жаңғыртатын құндылық ретінде дәріптелді. Кеш барысында жергілікті ақындар өз шығармаларын оқып, көрерменге поэзияның сан қырлы әлемін ұсынды.
МОМБЕК ӘБДІӘКІМҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Бұл жылда елге танылмаған жастарды жиып, қалалық зиялы қауыммн таныстыру.Жазушылар тарапынан оларға құрмет көрсетілді.Жылдың үздік жазушысын, журналисін, ақынын анықтадық.Сондай-ақ, биыл кітапханашыларға жеті номинация беріледі.Бұл–біздің бір жылдық жұмысымыздың есебін беріп, не жазып жүргенімізді көпшілікке көрсету болып табылады.
Әдебиет пен мәдениет саласының дамуына үлес қосып жүрген қаламгерлердің еңбегі айрықша. Шығармашылық кеште руханиятты өркендетуге атсалысып жүрген бірқатар азаматқа арнайы марапат табысталды. Жиынға қатысқан қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы кештің мән-мазмұнына тоқталып, ақын-жазушыларға алғыс білдірді.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл Президент зерделі ұлт қалыптастыру жайлы жарлыққа қол қойды.Бұл елде кітап оқитын жастарды көбейтеді деп сенеміз.Озық ойды қалыптастыратын өздеріңіз.Ең алдымен, бұл істе сіздерге табыс тілеймін.
Поэзия жүректегі сезімді сөз арқылы сөйлетеді. Әдеби кеш оқырманның көркем әдебиетке деген ықыласын арттырды. Ал қоғамдағы түйткілді тақырыптар рухани жиынға арқау болды.
ҚАНАТ САРЫБАЕВ, АҚЫН
Ақындар бүгін махаббат, күз, ана тақырыптары бойынша шығармалары іріктелді.Бүгін он екі ақын өз шығармаларын оқып, оқырманды әдемі жырларымен сусындатады.
Әдеби кештің мазмұны мәдени бағдарламамен толықты. Кеш қонақтарына танымал әншілердің орындауындағы әуезді әндер ұсынылды. Ал А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы кітап көрмесін ұйымдастырды. Мұнда оқырмандар қаламгерлердің туындыларымен танысып, шығармашылығымен сусындады.