АУАНЫ ЛАСТАҒАН КӨЛІКТЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ
Шымкентте автокөліктердің қоршаған ортаға әсерін бақылау бойынша рейд жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» жобасы аясында прокуратура, полиция және экология департаментінің қызметкерлері автокөліктерден шығатын зиянды заттардың мөлшерін тексерді.
Рейд кезінде 18 автокөліктің жартысынан заң бұзышылықтар анықталған. Атмосфералық ауаға белгіленген нормадан тыс зиянды шығарындылар бөлетін 9 көлікке әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – көлік құралдарынан шығатын зиянды шығарындыларды азайту, атмосфералық ауаның тазалығын сақтау және тұрғындардың денсаулығын қорғау. Экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді бақылау жыл соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, Алматыда Көкжайлау шатқалында Almaty SuperSki атты жыл он екі ай жұмыс істейтін жаңа тау курорты салынбақ. Жобаның Іле-Алатауы аумағындағы табиғи ортаға әсері – қоғам назарында. Әзірлеушілер экологиялық талаптар сақталатынын айтып отыр. Жоспар бойынша тау бөктеріне жеке көліктердің кіруі шектеліп, туристерді тасымалдауда электробустар мен аспалы жолдар пайдаланылады.