Негізгі Жаңалықтар ҰЛТ МҰРАСЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

ҰЛТ МҰРАСЫН ЖАҢҒЫРТҚАН ТҰЛҒА

Өзбекәлі Жәнібеков - ұлт мұрасын жаңғыртып, қазақ мәдениеті мен этнографиясының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 95 жыл толуына орай Түркістанда рухани кеш өтті.

Кеште Өзбекәлі Жәнібековтің өнегелі өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі дәріптелді. Ұлттық мәдениетке, тарихи мұраға, салт-дәстүр мен өнерге деген жанашырлығы кеңінен насихатталды.

ХӘЗІРЕТӘЛІ ТҰРСЫН, Қ.А. ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ТАРИХШЫ
Тарихи тұлға деп кімді айтамыз? Өзбекәлі Жәнібеков саяси саланың барлық баспалдағынан өткен, ысылған, машыққан, елге жан-тәнімен еңбек еткен нағыз тарихи тұлға.


Кеш барысында Ө. Жәнібековтің өмірі мен қызметі, ұлттық мәдениет пен мұраны жаңғыртудағы еңбегі туралы бейнематериал көрсетілді. Түркістан драма театрының әртістері сахналық көрініс арқылы тұлғаның тағылымды жолын таныстырды. Шәмші Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы» әні кештің көркін аша түсті. Сондай-ақ ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылды.

ҚАДЫРБОЛАТ МҰСАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Жыл басынан бері тау тұлғаның 95 жылдығына орай оның өмір жоолын, шығармашылығын елге насихаттап келеміз.

Шара аясында Өзбекәлі Жәнібековтің өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған «Өнегелі өмір - өшпес мұра» атты кітап және фотосурет көрмесі өтті. Сонымен қатар ұлттық киімдер мен дәстүрлі музыкалық аспаптар көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.




Бөлісу