Негізгі Жаңалықтар АСТАНА – «КЕЛЕСІ ДУБАЙ НЕМЕСЕ СИНГАПУР»

АСТАНА – «КЕЛЕСІ ДУБАЙ НЕМЕСЕ СИНГАПУР»

Америкалық танымал IT-стратег әрі инвестор Баладжи Сринивасан Сингапурда өткен конференцияда Қазақстан мен оның астанасына жоғары баға берді. Ол Астананы қарқынды дамып келе жатқан қала ретінде атап өтіп, әлеуетін Дубай және Сингапурмен салыстырды.


Баладжи Сринивасан Астананы «Келесі Дубай немесе Сингапур» деп атады. Сондай-ақ елорданың инфрақұрылымы өте жылдам әрі сапалы салынып жатқанын, ал бұл қарқынның Батыс елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін жеткізді. Стратег мұндай мәлімдемені Сингапурда өткен «The Network State Conference 2026» жиынында жасады. Marina Bay Sands орталығында өткен іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 3,5 мыңға жуық адам жиналды. Қонақтар арасында Виталик Бутерин, Ричард Тенг және Олаф Карлсон-Ви сияқты криптоиндустрия көшбасшылары болды. Конференцияда сөз алған Баладжи Сринивасан жиналғандарды Alatau City жобасына назар аударуға шақырып, оның жоғары инвестициялық әлеуетін атап өтті. Әлемдік IT-қоғамдастықтың қазақстандық жобаларға деген қызығушылығы елдің халықаралық беделін арттырып, жаңа бастамаларға шетелдік капитал тартуға жол ашуы мүмкін.


Бөлісу