САЙРАМДА 170 КӨШЕ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам елді мекенінде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды. Биыл мұнда 170 көшеге асфальт төселді. Бұл — жергілікті тұрғындар көптен күткен өзгерістің бірі. Ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Бұрын шаңы бұрқырап, жауын-шашында батпаққа айналатын Сайрам елді мекенінің көшелері жаңарып келеді. Тұрғындардың өтініші ескеріліп, ішкі орам жолдарын жақсартуға басымдық берілген. Нәтижесінде, бұрын қолайсыздық тудырған бірқатар көшеде жол жабыны жаңартылуда.
АСЫЛБЕК ӘБІЛМАНСҰР, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
Сайрам елдімекенінде бізде 3 көше жасалып жатыр. Сүткент көшесінде тротуар жасалуда. Халі технический нашар болғандықтан ауыстырдық. Артта көріп тұрғандарыңыздай көпіп бар. Халі нашар болғандықтан мұның плита перегродка қойып эсплуатационный стояниясын жаңартық. Сосын бұл көшеде жол жабындысы нашар болғандықтан асфальт жабындысын жаңартып жатырмыз.
Қаратау ауданындағы жол жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде. Биыл 170 көшеге асфальт төсеу көзделген. Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті жол белгілері орнатылады.
САПАРҒАЛИ НАЗАРБЕКОВ, КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ОРТАЛЫҒЫ КММ МАМАНЫ, ИНЖЕНЕР-ЭКСПЕРТ
Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша бірмекеме жұмыс атқаруда. Қзарігі таңда 170 ке жық көше салынып жатыр. Бұл күтіп ұстау жұмысы арқылы жұмыс атқарыуа. Салынбаған көшелер әлі де бар. Ұсыныс беруде. Басқарма тарапынан наряяд берілсе ауар райыға байланысты ары қарай салына береді.
Қаратау ауданында жалпы ұзындығы 753 шақырым болатын 896 көше бар. Оның 745 шақырымы асфальтталған, ал 8 шақырымына шағал тас төселген. Жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Бұдан бөлек, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін ауданның 8 елді мекенінде жалпы ұзындығы 27 шақырым болатын жаңа аяқжолдар салынуда.