Негізгі Жаңалықтар 350-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ВЕЛОМАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

350-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ВЕЛОМАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды. Биыл екінші рет өткізілген велошеруге әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты.


Веломарафонға таңертеңнен жиналған қатысушылардың қарасы қалың. 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындырмақ. Екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған велошерудің ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді.


МУЗАФАР ҰЛЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Марафонға велосипедпен бірінші рет қатысуым, нөмірімді алдым.Бұдан бұрын жүгіруге марафонға қатыстым, 10 және 21 шақырым жүгіргенмін. Енді велосипедпен 20 шықырым жүріп көрмекпін.


Қалада велоспортты көпшілікке қолжетімді етуге басымдық беріліп отыр. Марафонда қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған. Шеру «Тәуелсіздік» саябағынан бастау алып, велошабандоздар «Атшабар» алаңына қарай жолға шықты.


ЕРМЕК ДӘРМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қашықтығы 20 шақырымды құрап отыр. Старт осы жерден бастап, мәре атшабардан аяқталады. Қаланың күре жолы арқылы өтеді. Қауіпсіздік шараларның барлығы қаралған. Полиция, төтеншілктер мен жедел жәрдем бәрі дайын.


Спортты серік еткен шымкенттіктер үшін бұл тек жарыс емес, белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ортақ бастама. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да бұқаралық спорт шараларын жалғастыруды көздеп отыр. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Бөлісу