ӨҢІРЛІК ӨНІМ 52 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ
Мақтаарал ауданында биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 52 миллиард теңгеге жеткен. Оның 23 пайызы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Мақтааралдық шаруалар көктемнен бері бақша өнімдерін экспорттап, енді мақта жинау науқанына кіріскен. Ақ алтынды заманауи техникалардың көмегімен ысырапсыз жинауға басымдық беріліп отыр.
Нұрлан Өсербаев ата кәсіпті жалғастырып, мақта өсірумен айналысады. Биыл шаруа алқабына Қытайдан әкелінген мақта тұқымын еккен. Оның айтуынша, жергілікті жағдайға бейімделген бұл сорт мол күтімді қажет етпейді. Өнімділігі де көңіл көншітіп отыр.
НҰРЛАН ӨСЕРБАЕВ, «РАУАН» ШҚ ТӨРАҒАСЫ
Қытайдың 46 деген сортынан ектік. Қазіргі таңда түсім 40 пен 45 арасында болып жатыр. Аллаға шүкір. Өзіміздің технологиямен ектік. Биыл урожай жақсы. Жаңа зауыттан техника алып келдік. Ол күшті тереді екен. Қап қара қылып бір шит қалмайды жерде.
Иіржар ауылдық округінде биыл 3365 гектар жерге мақта егілген. Қазір алқаптарда мақта теретін заманауи комбайндар жұмыс істеп жатыр. Шаруалардың айтуынша, жаңа техникалар өнімді шашпай-төкпей жинауға мүмкіндік береді. Ауданда мақтаны қолмен теру тоқтаған. Иіржардың қауын-қарбызы мен өзге де бақша өнімдері көктемнен бері шетелдік нарыққа жөнелтілген.
ПОЛАТ ОСПАНОВ, «ИІРЖАР» АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДІГІНІҢ ЖЕР ИНСПЕКТОРЫ
3 мың гектарға жақын жерге бақша дақылдары егіліп, дихандарымыз сол шет елдерге экспорт қылды. Пуит-2 программасы бойынша біздің мына иіржар ауылдық округінде толықтай арықтар бетондалып, ел игілігне беріліп жатыр. Судың тапшылығын алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.
Мақтаарал ауданында 60 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Оның 35 мың гектарына мақта егілген. Қазір диқандар өнімді жинау науқанын қызу жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары мемлекеттік қолдаудың арқасында шаруалар техника паркін жаңартқан. Бұл егінді уақытылы әрі шығынсыз жинауға септігін тигізуде.
ЖАРҚЫНБЕК МЫРЗАЛИЕВ, МАҚТААРАЛ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Қазір мынау Қытай мемлекетінен Жанашыл мақта өңдеу зауыты 58 дана комбайын әкеліп қазір шаруаларға қол көмегін беріп жатыр. Шаруалардың мақтанытаза жерге шашпай теріп алуына көмек көрсетуде.
Ауданда суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға да көңіл бөлінген. Арық-атыздар бетонмен қапталып, суды егістікке ысырапсыз жеткізу жұмыстары жүргізілуде. К-18 каналы толық бетонданған. Енді ішкі суару жүйелері ретке келтіріліп жатыр. Сонымен қатар шаруалар 1200 гектар алқапта су үнемдеу технологияларын қолдануда.