Негізгі Жаңалықтар БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

БІЛІМ БӘЙГЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Білімін дәлелдеп, университет грантын иеленуге мүмкіндік бар. «Оңтүстік» телеарнасы «Қорқыт ата» университетімен бірлесіп, «Зияткер» білім бәйгесін бастады. Жобаға 800-ге жуық оқушы өтінім берген.

Байқауға қатысушылар алдымен онлайн тест тапсырып, білім деңгейін көрсетті. Іріктеудің алғашқы кезеңінен өткен 324 оқушы қалалық кезеңде бақ сынады. Ал олардың арасынан үздік шыққан 48 үміткер телевизиялық кезеңге жолдама алды. Ақтық сын жеті турдан тұрады. Қатысушылар түрлі сала бойынша сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын сарапқа салады.

ЖАНДОС ОРАЗМАХАНОВ, «ҚОРҚЫТ АТА» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ШЫМКЕНТТЕГІ ӨКІЛДІК ДИРЕКТОРЫ
Телевизиялық кезең 7 турдан тұрады. Байқаудың негізгі мақсаты Шымкенттегі білімқұмар оқушыларды бір алаңда тоғыстыру. Оларды насихаттау және жеңімпаздарға Қорқыт ата университетінің грантын табыстау.

Ақтық сында білімділер мен алғырлар бақ сынайды. Бұған дейінгі екі кезеңде қатысушылар білімдерін дәлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Енді телевизиялық кезеңде 48 үміткер жеңіс үшін таласады. Байқау қорытындысы бойынша үздік үш оқушы Қорқыт ата университетінің грантын иеленеді. Ал финалға жолдама алған алты үміткерге ҰБТ-ға дайындық курсы беріледі.



Бөлісу