ЖАСТАР ҚОҒАМДЫҚ ІСКЕ БЕЛСЕНДІ
Жыл басынан бері Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасы 731 іс-шара ұйымдастырып, оған 182 мың жас қатысқан. Жастар қайырымдылық жасап, қоршаған ортаны тазартуға үлес қосқан. Мәдени, саяси және зияткерлік жобаларға да белсене араласқан. Жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастаған жастар да бар.
Жастар қоғамдық бастамаларға белсене араласып келеді. Жыл басынан бері тазалық акцияларына 23 мыңға жуық ерікті қатысып, 33 тонна қоқыс жинаған. «Қара куиз» зияткерлік сайысында 1000-нан астам студент білімдерін сынады. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 161 жиын өтіп, оған 29 мың жас қатысты. Кездесулерде жастардың құқықтық сауатын арттыруға басымдық берілді. Ал «Кітап тайм» жобасы аясында 9 кітап талқыланып, олардың мазмұнына талдау жасалды.
ӘКІМЖАН ӘБДӘКІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінге дейін оқырмандардың қатысуымен 9 кітаптың талқылауы өтті. Алдағы уақытта кітап фестивальі өтеді.
Шымкентте 12 мыңнан астам ерікті бар. Олар 25 жастар ұйымының құрамында жұмыс істейді. Жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен 170-тен астам іс-шара ұйымдастырылған.
ЖАНСЕРІК ЖҰМАН, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ БАСШЫСЫ
Ертілер тек қайырымдылық іс-шараларымен ғана шектелмейді. Олар мемлекетттік іс-шараларды жүзеге асыруға үлес қосып келеді. Жоба аясында біз тек тазалық шараларын ғана өткізіп шектелмейміз. Қоқысты өңдеу, сұрыптау бағыттарына да ғылыми тұрғыда қадам бастық.
Баспасөз мәслихаты сұрақ-жауап форматында жалғасты. Басқарма басшысы журналистердің сауалдарына жауап беріп, жастар саясаты бағытындағы жұмыстарға тоқталды.