ХАЛЫҚ ТАЗА АУЫЗ СУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
Ленгер қаласының тұрғындары толықтай сапалы ауызсумен қамтамасыз етілуде. Шаһардағы бірнеше шақырым су құбыры жаңартылып, жаңа су қоймалары мен сорғы станциялары іске қосылды. Мұның барлығы ауыз су тапшылығы мен қысымның төмендеуі сияқты жылдар бойы қордаланған мәселелерді түбегейлі шешуге мүмкіндік бермек.
Ленгер қаласы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен толық қамтылған. Қаладағы 37 мыңнан астам тұрғынға тәулігіне шамамен 12,2 мың текше метр ауыз су жеткізіледі. Алайда жаз мезгілінде қажеттілік 18,9 мың текше метрге дейін артады. Осыған байланысты су тапшылығын жою үшін қосымша су көздерін іске қосу жұмыстары қолға алынған.
АЛМАС САЛИМОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Алдын ала арыз-шағым кезінде болған болатын. Сондықтан осы жерге бір ай алдын келіп, барлығымен етене танысып, халықтың сұранысында осы мәселе көетерілген еді. Бүгінгі таңда аыз су 100 пайыз іске қосылып таза су мәселесімен жеке жеке соғып, тұрғындармен болсын , пәтерлерге кіріп сол судың тазалығы қаншалықты екенін бақыап көріп отырмыз. Халық риза таза су іске қосылды.
Сондай-ақ Достық елді мекенінде екі жаңа ұңғыма қазылды. Бұл Ленгер қаласын тәулігіне 5,5 мың текше метрге дейін ауыз сумен қамти алады. Қазіргі таңда мұнда су мұнараларын, электр жабдықтарын, қоршау және бейнебақылау жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
АҚЫЛБЕК ҚЫПШАҚБАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
Жұмыстың аяқтау келесі жылы мамыр айы. Бір айдың көлемінде 70 пайыз жұмыс көлемін көрсетіп қойдық. Өздеріңіз көріп тұрғандай толық қоршалғаннысан. Басты мақсат 2 ұңғыма қазу, бейнебақылау аудандық іші істер орталығына қосу. Одан соң жарықтандыру, Достық елдімекеніне беретін үлкен екі башня. Жалпы су көзі жақсы.
Атқамінерлердің жұмыс сапары кезінде Достық елді мекеніндегі №6, №2, №1 және №4-5 ұңғымалары, сондай-ақ Ленгер қаласындағы су жинақтаушы резервуарлар, «Қарабастау» және «Ақмешіт» бұлақтары, «Көктерек» су тазалау нысандары назардан қалмады.
ЕРКЕБҰЛАН ДАУЫЛБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бірде бір тұрғынан лай с ішіп жатырмыз су тапшы болып жатыр деген мәселе көтелрілген жоқ. Сол себпті президенттің су мәселесіне берген тапсырмасы аясында жұмыстар атқарылды. Облыс басшысының тапсырмасымен жасалған жұмыс қазір нәтижесін беріп отыр. Алда да дәл осы жұмысты жалғасыраттын боламыз. Жалпы Ленгір қаласының ауыз су тұтыну көлеміне сәйкес оның су көздерінен өндірілетін су көлемі жоғары. Алдағы 20 жылда бұл бойынша мәселе туындауы мүмкін емес.
Бұдан бөлек, «Қырықбұлақ» су көзін тиімді пайдалану үшін қосымша су тазарту қондырғысын орнату, «Қарабастау» бұлағын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Ал ұзақ мерзімді жоспарда Алатау ауылдық округіндегі «Ақмешіт» шатқалынан Ленгер қаласына дейін шамамен 22 шақырымдық ауыз су магистралін тарту ұсынылып отыр.