ЖОЛ БОЙЫНА 8 ТОННА ҚОҚЫС ТӨККЕН
Түркістан облысында халықаралық автожол бойына 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек төккен азамат анықталды. Заң бұзушылық Сайрам ауданындағы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тасжолы бойында тіркелген.
Тексеру барысында азаматтың жүк көліктерінің жарамсыз шиналарын заңсыз төккені белгілі болды. Құқық бұзушылық полиция қызметкерінің бейнежетонына түсіп қалған. Заң бұзған азаматқа әкімшілік шара қолданылды. Кейін 8 тоннаға жуық жарамсыз дөңгелек арнайы жүк көлігімен полигонға жеткізілді. Полиция тұрғындар мен кәсіпкерлерді қоршаған ортаны ластамауға, тазалық талаптарын сақтауға шақырады.