30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Мемлекеттік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында жаңа пәтер кілттері әлеуметтік санаттағы азаматтар мен ардагерлерге, сондай-ақ ерекше күтімді қажет ететін бала өсіріп отырған отбасыларға табысталды. Барлық пәтер инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Баспаналы болғандардың арасында ерекше күтімді қажет ететін бала өсіріп отырған ата-аналар бар. Бақытжан Аязбековтің мүмкіндігі шектеулі қызы баспана алуға құжатын 11 жыл бұрын тапсырған. Жаңа пәтердің кілтін қолына алған ол көңілі жайланғанын айтып қуанышымен бөлісті.
БАҚЫТЖАН АЯЗБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Yй кезегіне 2015 жылы, 11 жыл бұрын көлемінде алдым. Ме қызымның қорғаншысы боламын. Сондықтан да мына пәтер кілтін алып, қуанып, шад-шадыман болып отырмыз. Бұл мемлекетің қолдауы. Әрине қуанымыз. Мемлекеттің кепілдігі таза әрлеулі үйге тұрғызып жатыр. Соған шынайы рақметімізді айтамыз».
Жаңа тұрғын үйлер инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен толық қамтылған. Баспаналар жалға беру бағдарламасы арқылы ұсынылды. Көпжан Төлебаевтың айтуынша, жалға алудың нақты мерзімі жоқ. Кейіннен қалдық құнын төлеп пәтерді жекешелендіруге болады.
КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
«Тұрғын үй кезегіне тұрған уақытына, мерзіміне сәйкес кезегі келген азаматтарға бөлініп жатыр. Орналасқан пәтерлеріміз жаңа әрлеуде. Таза әрлеудегі қоныстануға дайын пәтер болып табылады. Яғни инженерлік барлық коммуникациялар барлығы қосылған тұрғын үйлер болып табылады. + Бұл жерде 2 тәсіл бар. Қалдық құнын төлеу арқылы және екіншісі тегін, өтеуміз алуға құқығы бар. Тегін өтеусіз алуға құқылы деген азаматтар 1,2 топ мүгедектігі бар, ҰОС ардагерлері, оған теңестірілгендер. Осы азаматтар өтеусіз тегін алуға құқығы бар.
Мамандардың мәліметінше, биыл шаһарда 2 мыңға жуық жалдамалы пәтер кілтін табыстау жоспарланған. Қазіргі таңда оның 1700-ден астамы тұрғындарға берілген.