ДЗЮДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Бәйдібек ауданында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұматай Темір Шубайұлын еске алуға арналған дзюдодан VII республикалық турнир басталды. Оған 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер қатысты.
Жас дзюдошылардың шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін бәсекеге 31 команда қатысты. 240 спортшы ұлдар мен қыздар 16 салмақ дәрежесі бойынша татамиге көтеріледі.
МЫРЗАХАН ЕРМАХАН, СПОРТШЫ
Биылғы турнирге Түркістан облысының аудан-қалаларынан бөлек, Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облыстарынан да жас балуандар келіп, жарыстың ауқымын кеңейте түсті.
Аталған турнир – спорт саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Жұматай Темір Шубайұлының есімін ұлықтап, оның өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа насихаттауға, сондай-ақ жас спортшылардың шеберлігін арттырып, дзюдо спортының дамуына серпін беруге бағытталған.