Негізгі Жаңалықтар 29 ҚАРАША – МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ

29 ҚАРАША – МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ

Қазақстанда жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау күні белгіленді. Саяси шара 29-шы қарашаға жоспарланған. Қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ресми түрде жұмысына кірісіп, алдағы науқанның күнтізбелік жоспарын бекітті.


Қайырбек Құнанбаевтың айтуынша,  маслихат құрамына 32 азамат енеді. 16-ы бір мандаттық жүйемен, қалғаны партиялық тізіммен бекітілмек. Үміткер жасы 20-ға толған, соттылығы жоқ ел азаматы болуы тиіс. Кандитаттарды ұсыну 14-27 қазан аралығында өтеді.  


ҚАЙЫРБЕК ҚҰНАНБАЕВ,  ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Біздің Шымкент қаласында сайлау күні бір қалалық, алты аудандық, он алты окруктік, үш жүз алпыс бес учаскелік сайлау комиссиясы қатысады.

Бөлісу