Негізгі Жаңалықтар «BILIMDI KELESHEK-III» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«BILIMDI KELESHEK-III» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«BILIMDI KELESHEK-III» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Болашақ мамандықты таңдау – әрбір жас үшін маңызды шешім. Осы орайда Шымкентте «Bilimdi Keleshek-III» халықаралық жоғары білім көрмесі өтті. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында ұйымдастырылған шараға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, мектеп оқушыларына білім алу мүмкіндіктерін таныстырды.

Бақдәулет Мақсымхан болашақта биолог болғысы келеді. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім көрмесін болатынын естіп арнайы келген. Мақсаты айқын оқушы осы білім ордасында оқығысы келеді.

БАҚДӘУЛЕТ МАҚСЫМХАН, ОҚУШЫ
Мен №147 мектептен келдім. Мен өзімнің болашағымды ойлап кеп отырмын. Мед Академия маған өте ұнады. Мен биология пәні мұғалімі болсам деп армандаймын.

Кездесуде  оқу орындарына түсу талаптары, білім беру бағдарламалары, гранттар мен академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері талқыланды.  Халықаралық көрме жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың болашаққа сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді. Ал жоғары оқу орындарының өкілдері үшін бұл – өз білім ордаларын таныстырып, талапкерлермен байланыс орнатудың тиімді жолы.

ИСЛЯМ ҚҰЖБАНОВ,  «ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бұл жерге  екі мыңнан астам 9-шы 11-сынып оқушылары келді. Балалар жоғары оқу орындары өкілдерінен сұрақтарын тікелей қойып керекті мағлумат ала алады.  Көрменің басты мақсаты – талапкерлерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндіру және халықаралық білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсыну.

«Bilimdi Keleshek» жобасы жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға және отандық білім беру саласының мүмкіндіктерін кеңінен насихаттауға бағытталған. Осындай бастамалар талапкерлердің саналы таңдау жасауына ықпал етеді.


Бөлісу