Негізгі Жаңалықтар ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

ТӘЛІМГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Өңіріміздегі кәсіпкерлер палатасында дуальды оқыту жүйесінің өндірістік тәлімгерлеріне арналған арнайы оқыту курстары басталды. «Тәлімгерлер мектебі» жобасы жұмыс орнындағы оқыту сапасын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, студенттердің өндіріске жылдам бейімделуіне жол ашады. Бұл бастама еңбек нарығындағы сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға серпін бермек.


Бағдарлама аясында қатысушылар жұмыс орнында оқытуды ұйымдастыру, білім алушымен тиімді қарым-қатынас орнату мәселесін талқылады. Сондай ақ  практикалық дағдыларды кезең-кезеңмен қалыптастыру, кері байланыс орнату және оқу нәтижелерін бағалауда. Дәріс кезінде нақты өндірістік жағдайларға негізделген кейстерді талдап, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.


ЖАНАР АЛТАЕВА, ТРЕНЕР-МУЛЬТИПЛИКАТОР
Шымкент қаласы жылдан жылға дамып келе жатыр. Әлеуметтік экономикалық перспективалық жағдайы дамуда. Өндіріс орындары көптеп ашылуда.     Оларды сапалы кадрлармен толтыру үшін бізге тәлімгерлік сабақтар қажет.

Спикерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді тәлімгерліктің әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың кәсіби шеберлігін дамыту жолдарын ұсынды. Екі күндік оқыту іс-шарасына өндіріс орындары, қызмет көрсету саласы, педагогика және медицина бағыттары бойынша білім алушыларға тәлімгерлік ететін 45 маман қатысты.

ӘБДІРАҚЫМ  ЖҰМАБЕКОВ, «БАСТАУ ФАРМ» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Фармацевтика саласы бойынша біз 40 жылдан астам менің еңбек өтілім бар. Бірақ жаңа заманға байланысты ЖИ дамуына байланысты көптеген жаңылықтар енгізіліп жатыр. Тәлімгерлік сабақта оны ұштастыру құптарлық іс.

«Тәлімгерлер мектебі» білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты нығайтуға, өндірістік оқыту сапасын арттыруға және болашақ мамандарды кәсіби ортаға бейімдеуге бағытталған. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы дуалды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындардағы тәлімгерлік институтын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.


Бөлісу