Негізгі Жаңалықтар ДІНИ АҚПАРАТ ТАРАТАРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

ДІНИ АҚПАРАТ ТАРАТАРДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Діни мазмұндағы ақпараттарды жариялауда немесе таратуда аса сақ болған жөн. Тыйым салынған уағыз бен мәлімет таратқандар бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мамандар, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ұсынған ақпараттарға ғана сенген дұрыс екенін айтады. Тыйым салынған уағызшыларды тыңдап, оларды тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

ОСПАН ДӘЛЕЛХАН, ДІНТАНУШЫ-ТЕОЛОГ
ҚМДБ кімді бекітті, соларды тыңдауға кеңес беріледі. Дайш игл деген топ  шыққан 2012 жылдары. Түрлі әндерді шығарды. Жастар оны тыңдады. Ішіндегі арапшаның мағынасын білмейді. Сол сөздердің мағынасын аударғанда соғысқа үгіттеу сөздер болған. Сақ болған жөн!

Іс-шарада діни экстримистік ұйымдардан сақ болу қажеті айтылды. Жиынға пробация есебіндегі азаматтар шақырылған. Оларға құқықтық кеңес берілді.

ОРАЗ ЕРКЕБҰЛАН, ТҰРАН АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ПРОБАЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

«Пробация есебінде тұрған азаматтарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, құқықтық сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара.»  

Іс-шара барысында дінтанушы-теолог баяндама жасап, діни ақпараттарды қабылдау мен таратудың шегін түсіндірді. Полиция қызметкерлері заңды тұрғыдан кеңес берді.

Бөлісу