Негізгі Жаңалықтар ЗАҢСЫЗ ГРАФФИТИЛЕР ӨШІРІЛДІ

ЗАҢСЫЗ ГРАФФИТИЛЕР ӨШІРІЛДІ

Түркістан облысында вандализмге қарсы күрес пен қоғамдық орындардың тазалығын сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Тазалық пен тәртіпті ту еткен сарыағаштық сақшылар кезекті рейдтік шараны жүргізді.


Тұрғын үйлердің қабырғасы мен ғимараттарды бүлдіретін заңсыз граффитилерді жою мақсатында Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Жастар орталығының еріктілерімен күш біріктірді. Бірлескен рейд барысында аумақтағы ондаған нысан тексерілді. Нәтижесінде көше сәнін кетірген 38 заңсыз жазу анықталып, дереу өшірілді. Нысанаға ілінген жазулардың арасында азаматтарды «оңай жолмен олжа табуға» шақыратын, Telegram-мессенджеріндегі топтарға сілтеме көрсетіліп, ақшалай уәде берілген күмәнді хабарландырулар да аз болмай шықты. Тәртіп сақшылары заңсыз жазуларды жоюмен қатар, жергілікті тұрғындарға қоғамдық мүлікті бүлдірудің құқықтық салдарын ескертті.


Бөлісу