Негізгі Жаңалықтар 10 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН ЕКІ АЗАМАТ 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

10 МЛН ТЕҢГЕ БОПСАЛАҒАН ЕКІ АЗАМАТ 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Шымкентте қорқыту арқылы бөтеннің мүлкі мен ақшасын иемденген екі азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Құқық бұзушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын арызданып, бейтаныс тұлғалар оны қорқытып ірі көлемде ақша талап еткенін хабарлаған. Арыз негізінде Шымкент қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде күдікке ілінген екі азамат құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайы бойынша тінту жүргізіліп, атыс қаруына ұқсас екі зат пен 4 патрон табылып, тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері бопсалау жолымен заңсыз алынған «Mercedes-Benz» маркалы автокөлігін және 300 мың теңге көлеміндегі қаражатты анықтап, заңды иесіне қайтарды. Сот сараптамасы мен жиналған айғақтар негізінде сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, олардың әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бөлісу