ҚҰЛАХМЕТ ХАЛМЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ
Жақсының аты өшпейді. Көрнекті әскери қайраткер, генерал Құлахмет Халменовтің туғанына 100 жыл толуына орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепте өткен мерейтойлық жиын аясында арнайы кабинет ашылып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен қоғам қайраткерлері қатысып, генералдың өмір жолы мен ел алдындағы еңбегін кеңінен насихаттады. Жиын барысында қатысушылар көрнекті тұлғаның азаматтық болмысы, әскери қызметі және кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі жолы туралы ой бөлісті.
АСЫЛБЕК АЛИЕВ, Б.МОМЫШҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
Құлахмет Дүйсенбекұлы Халменовтың елге қызмет етудің кәсіби шеберлігін жарқын үлгісі. Ол құқықтық тәртіпті нығайтуға заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық қорғау органдарын дамытуға елеулі үлес қосқан тұлған.
Дөңгелек үстел барысында генерал Құлахмет Халменовтің өмірі мен қызметіне қатысты естеліктер де айтылды. Оның ел тарихындағы орнына ерекше назар аударылды. Қатысушылар мұндай кездесулердің жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беруде, тарихи тұлғалардың мұрасын танытуда маңызы зор екенін атап өтті.
БАҚЫТБЕК ЕСПЕНБЕКОВ, «ҚАЗАҚ ХАН БАТЫРЛАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бұл кісінің ұлағытты елге қалай қызмет ету керектігін ішкі істер саласында бізді жас демей терең түсіндіріп берген еді. Бүгін атаулы күн құтты болсын генерел ағамыздың жатқан жері жайлы болсын КСМ: Еске алу жиынына генералдың ұрпақтары да келді. Қызметте қайраткер болған тұлғаның әкелік қадір қастиетін әңгімеге арқау етті.
АЙДАР ХАЛМЕНОВ, ҚҰЛАХМЕТ ХАЛМЕНОВТЫҢ ҰЛЫ
Әкеміздің бізге ақылды былай айтып еді. Қандай жағдай болсада қандай қиындық болсада халықпен бірге болыңдар деген еді. Біз сол ұстаныммен жүрміз.
Мерейтой аясында ашылған арнайы кабинет те – ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға бағытталған маңызды қадам. Мұнда тәлімгерлер тарихи тұлғалар туралы білімін тереңдетіп, елге қызмет етудің мәнін түсінуіне мүмкіндік жасалады. Генерал Құлахмет Халменовтің 100 жылдығына арналған бұл шара – елге еңбегі сіңген азаматтың есімін ұлықтап, оның өнегелі өмір жолын кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен тағылымды басқосу болды.