Негізгі Жаңалықтар ДІН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

ДІН ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР САРАЛАНДЫ

Түркістан  ғасырлар бойы түрлі мәдениеттер мен өркениеттер тоғысқан, руханияттың алтын бесігі. Киелі шаһарда 18 қазан – Рухани келісім күніне орай салтанатты кездесу ұйымдастырылды.  Іс-шара елдегі бейбітшілік пен конфессияаралық татулықты нығайтуға, қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты дәріптеуге бағытталды.


Кездесуге облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, дін басылары, этномәдени бірлестік мүшелері мен белсенді жастар қатысты. Басқосуда сөз алғандар Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісімнің бірегей моделін сөз етіп, киелі қаладағы бұл дәстүрдің маңыздылығына тоқталды. Татулық пен тұрақтылық кез келген мемлекеттің дамуының басты кепілі екені ерекше атап өтті. Жиын барысында тек дөңгелек үстел талқылаулары ғана емес, сонымен бірге рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын көрмелер мен жастарға арналған ағартушылық кездесулер де ұйымдастырылды. Шара соңында қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар алғыс хаттармен марапатталды.


ЕРЖАН ТӨЛЕПОВ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӨКІЛ ИМАМЫ

Әрқашанда діндер арасындағы қарым атынасты нығайту маңызды дүние. Мемлекет басшылығымен былтыр Республикалық діндер съезі Астанада өтті. Елімізде рухани келісім және де діндер лидерлік үлкен жиынның өтуі өте маңызды. Себебі діндер арасындағы ынтымақтастық өте тығыз болуы жақсы болуы еліміздің ынтымағы мен руханиятына сүбелі үлес қосады деп білеміз.


Айта кетейік облыста Рухани келісім күніне орай «Руханият» саябағында ағаш отырғызу іс-шарасы өтті. Сондай-ақ дін өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Бөлісу