ММА ШЕБЕРІ ЭТНОС ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан төрінде ел мақтанышы, ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы Арман Оспанов жастармен жүздесті. ММА шебері, Арман Әріпханұлының қатысуымен өткен кездесу «Жеңіске жетелейтін мінез» тақырыбында өтті. Іс-шара барысында чемпион жастарға спорттағы жетістік пен өмірлік ұстанымдар жайында сыр шертіп, табандылық пен еңбекқорлықтың маңызын түсіндірді.
Ашық сұхбат барысында жастар чемпионнан спорттағы алғашқы қадамдары, жеңіске жетелеген қиындықтар мен кәсіби спорттағы тәжірибесі туралы егжей-тегжейлі сұрап білді. Өз кезегінде «Сұңқар» лақап атымен танымал саңлақ жастарға адал еңбек пен табандылықтың маңызын түсіндірді.
УМИДА ТАШМЕТОВА, СТУДЕНТ
Бүгінгі іс-шарадан беріп жатқан әсер Бұл ерекше. Себебі Арман аға өзіндік біз танымайтын қырларынагн айтып жатыр. Мысалы ретінді қыздарына қалай тәрбие береді. Отбасында қыздарын тәрбиелейді. Олардың спортқа деген қызығушылықтарын қалай ашады деген сияқты өзіндік ойларын айтып жатыр.
Еркін форматта өткен жүздесуге 200-ден астам белсенді жас пен жас спортшы қатысты. Арман Оспанов жастармен спорттағы жетістікке жету жолы, тынымсыз еңбек, тәртіп пен табандылық туралы ой бөлісіп, нақты мақсат қойып, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға және уақытты тиімді пайдалануға шақырды.
АРМАН ОСПАНОВ, ММА ШЕБЕРІ, ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН ЖӘНЕ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Бүгінгі кездесдегі мақсат спортшыларды тұлғаларды жинап пікір алмасу, мақлұмат жинау секілді. Жастарға өз тарапымыздан керек дүние бере алдық деп ойлаймын. Бұл жерде ашық әңгіме болғаннан кейін өзіміздің басып өткен өміріміз, біз енді қарапайым отбаынан шыққанан кейін өзтарапымыздан тұрғалыққа деін өскен кезіміді айта білдік. ЖАстарға жаңадан жігер бердік депойлаймын. ЖАстар өссе өрлесе қоғмның дамуына үлесін қосса біздің ниетіміз сол.
Жиынның сұрақ-жауап кезеңінде жастар чемпионнан спорттық мансап, қиындықтарды еңсеру және жеңіске жетудің жолдары туралы кеңес алды. Тағылымды кездесу жастарға жігер беріп, жауапкершілік пен берік мінезде екенін көрсетті.