Негізгі Жаңалықтар СУ ҚОЙМАСЫНАН КАНАЛ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

СУ ҚОЙМАСЫНАН КАНАЛ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Шардара су қоймасының іргесіндегі  қараусыз  сусап  жатқан 12 мың гектар жер игеріледі. Осы бағытта «Жаушықұм» массивін суландыру жүйесі тартылып жатыр. Қазіргі таңда су қоймасынан су тартқыш пен сорғы станциясының реконструкциялық жұмыстары басталып кеткен.  


Жоба аясында диаметрі 1620 мм қысымды құбырлар, жалпы ұзындығы 51  шақырымнан астам монолитті темірбетон каналдар,  8 шақырым 110 кВ электр желісі, трансформаторлық қосалқы станция және 4 шақырым эксплуатациялық жол салынбақ. Онда суды қажетті аумақтарға жеткізу мақсатында екі көтермелі механикалық жүйе салынады. Суландыру жүйесінің іске қосылуы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып, суармалы жер көлемін ұлғайтады. Ең бастысы дихандардың  егін шаруашылығын дамытып, бақша өнімдерін экспорттауға оң ықпал етпек.

НҰРБАҚЫТ НҰРСЕЙІТОВ, ШАРДАРА АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Аталған жерде 12 мың 192 гектар жер суландырылады деп жоспарланған. Қаржы Ислам даму қаржы банкі арқылы республикалық бюджеттен 17 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталып кетті.Жалпы жұмыстар үш жылға жоспарланған.2027 жылдың күзіне тапсырамыз деп мердігер мекеме баяндап отыр.

Бөлісу