Негізгі Жаңалықтар БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНАДЫ

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕ ӨҢІРДЕ ҚОЛДАНАДЫ

Шымкентте өмірден өткен бала үшін бюджеттен ақы алып келген балабақша әшкереленді. Сұмдық жайт мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізілген тексеріс пен цифрлық жүйенің арқасында анықталған. Заңбұзушылыққа жол берген жауаптылар заң алдында жауапқа тартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өңіраралық семинарда мәлімдеді.

Сала өкілдері бас қосқан жиында мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі түйіткілді мәселелер ашық айтылып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мен ашықтықты қамтамасыз етудің тың идеялары талқыланды. Іс-шараға еліміздің 11 өңірнен  әкімі орынбасарлары келіп, қосымша білім беру мен қаржылық тәртіпті жетілдіру мәселесін қарады.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Кейбір балабақша, екі жағдай болды шетінеп кеткен балаларды тіркеп алған, шамамен бір жылдай солардан ақша алып келген. Бір жаттықтырушы алты жерде жұмыс істейді. Мына жерде домбырадан, мына жерде волиболдан сабақ береді.

Мәселені жіпке тізген қала әкімінің орынбасары түйіткілдің тарқағанын айтады. Ақаумен қалай күрескенін баяндап, әріптестерге шешім жолын ұсынды. Ол үшін цифрлық жүйені жетілдіріп, ашық кеңістік қалыптастыру қажет екені айтылды.  

МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Айқын ақпараттық жүйесін енгізу арқылы мәселер шешілді. Компютерге келетін интернет жылдамдығын реттедік. Соның арқасында өз жүйемізді де жаңғыртып алдық. Жасанды интеллект технологиясын қостық.

Шымкентте іске асырылған бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың пилоттық жобасы нақты мысал ретінде қаралды. Мемлекеттік мектептердің бос уақытын пайдаланып, балалардың қосымша біліммен қамтылуын кеңейту жолдары талқыланды. Өңірдегі әріптестер өзара пікір алмасып, ортақ мүдде жайындағы пікірлерімен бөлісті.



Бөлісу