Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАР ТУРНИККЕ ТАРТЫЛЫП ЖАРЫСТЫ

ЖАСТАР ТУРНИККЕ ТАРТЫЛЫП ЖАРЫСТЫ

Төлеби ауданында «Тартыл Fest» турнирі өтті. Қазақ прокуратасының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған жарыс, заң мен тәртіпті насихаттауды көздейді.

Сайысқа 14  пен 17 жасқа дейінгі 138 оқушы қатысты. Олар турникке тартылып күш сынасты. Ең көп ұпай жинаған спортшы жарыс жеңімпазы атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндағы мақсат жас өреннің бос уақытын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын насихаттау.

БЕКСҰЛТАН ӘБДІРАХЫМ, ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
Бұған дейін мұндай ауқымды іс-шаралар өткізілмеген. Екі номинация болады. 10 жеңімпазға қомақты сияқымыз бар. Бірінші орынға ноутбук, екінші орынға телефон, үшінші орынға планшет беріледі.

Шұға Нұрабаеваның пікірінше, өскелең ұрпақтың спортқа бейім болуы қуантарлық жағдай. Осы сынды турнирлер жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Ауданда бұқаралық спортты дамытуға басымдық беріліп келеді.  

ШҰҒА НҰРАБАЕВА, ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Балалардың көбі спортпен айналысады. Бұрын соңды бұл спортпен айналысу қиын еді. Қазір барлық жағдай жасалған.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетіп, топ жарған жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай турнирлер алдағы уақытта жалғасын табады.  

Бөлісу