Негізгі Жаңалықтар ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында шымкентте ескерткіштерді  тазалау жұмыстары жүргізілді. Қалада жалпы 100 ден астам ұлы тұлғалардың ескерткіштері мен кеуде мүсіні бар. Оның ішінде 7 тарихи-мәдени ескерткіш республикалық маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енген.

Экологиялық акция аясында еріктілер Бауыржан Момышұлы бабамыздың  ескерткішінің айналасын ретке келтірді. Жастар алып мүсін мен мәрмар тастарды жуып, шаңдарын сүртіп шықты. Валантерлар аумақты тазалап қана қоймай, жеңіс  туын желбіреткен батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасады. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау,қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.Әсіресе жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып қоғам назарын вандализм мәселесіне аудару, дейді шараны ұйымдастырушылар.

АЙСҰЛУ ҒАЛЫМҚЫЗЫ, ЕРІКТІ
Біз шымкент белсенді жастары болып тек қана қала тазалығын ғана ойламай ұлы тұлғаларымызды еске алу және болашақ ұрпақтарға дәріптеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.


Бөлісу