Негізгі Жаңалықтар «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» ЗАУЫТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» ЗАУЫТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Қаладағы жұмыс істеп тұрған зауыттардың   қоршаған ортаға зияны тимеу керек. Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті қаладағы ірі өнеркәсіп орындарының қызметімен таныстыруды жалғастыруда. Кезекті баспасөз туры қаланың ең көне кәсіпорындарының бірі – «Шымкентцемент» серіктестігінің аумағында өтті.⁣⁣⠀

Бүгінде «Шымкентцемент» зауытында шығарындылар көлемін бақылайтын автоматтандырылған жүйе толық іске қосылған. Арнайы датчиктер тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді. Атмосфераға бөлінетін шаң, көміртегі, азот және күкірт оксидтеріне қатысты барлық дерек ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараттық жүйесіне әр 20 минут сайын онлайн режимде жолданып отырады.⁣⁣⠀


РУСЛАН ИСАБАЕВ, «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» ЖШС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Автоматтандырылған мониторинг жүйесі зауытта 2022 жылы орнатылған. Бұл – Қазақстандағы алғашқы жүйелердің бірі. Нақтырақ айтқанда, Жамбыл ГРЭС-інен кейін елімізде екінші болып, ал цемент өндіруші кәсіпорындар арасында алғашқылардың бірі ретінде енгізілді. Жүйе атмосфераға таралатын зиянды заттардың көлемін тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы төрт ірі кәсіпорында автоматтандырылған мониторинг жүйесі орнатылған. Заңнамаға сәйкес, жылына 500 тоннадан астам шығарындысы бар кәсіпорындарға мұндай жүйені енгізу міндеттелген. Бұл – қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Ірі өндіріс орындарының қызметі тұрақты бақылауда.


ДҮЙСЕН ҚҰЛТІЛЕУОВ, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шымкент қаласында төрт мекемеде осындай датчиктер орналастырылған. Шымкент цемент, Стандартцементтің екі трубасында. 3 энергоорталықта бар. Бұл датчиктер онлайн бақылауға мүмкіндік береді.  

«Шымкентцемент» ЖШС 1958 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорынның аумағы 40 гектарды құрайды, жобалық қуаты жылына 1 млн 300 мың тонна цемент. Қазір зауытта 250 адам еңбек етсе, мердігер ұйымдарда тағы 250-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.  

Бөлісу