КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ӘКІМ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте көркем гинастикадан әкім кубогы басталды. Байрақты бәсекеде Тараз, Қызылорда қалалары мен Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 400-ге жуық спортшы бақ сынайды.
4 күнге созылатын бәсеке алда өтетін халықаралық жарыстардың іріктеуі. Жүзден жүйрік шыққандар ел біріншілігінде, әлемдік турнирлерде бақ сынайды. Сондықтан, сайыстың салмағы мен маңызы жоғары.
АЛИЯ ЮСУПОВА, ҚР КӨРКЕМ ГИНАСТИКА ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
400-ден астам спортшы келген. Тек біздің өкілдер емес, басқа мемлекеттерден де бақ сынауға келгендер бар. Әр жыл сайын өтетін бәсеке.
Мадина Жарылқаптың командасы жарыс жеңімпазы атанды. Айтуынша, олар сайысқа ұзақ дайындалған. Әрбір қимылды пысықтап, әрекетін жетілдірген. Олар ұсынған қойылым көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шығып, ең жоғары ұпай жинады.
МАДИНА ЖАРЫЛҚАП, СПОРТШЫ
Болашаққа жоспарларымыз көп. Ел жеңімпазы, Олимпиада чемпионы болғымыз келеді. Осы жолда тынбай ізденіп, жаттығып келеміз.
Спортшылар жекелей және командалық сында бақ сынайды. Үздік өнер көрсеткендер іріктеліп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.