АЙЫППҰЛДАН ҚАШАМЫН ДЕП АЙЫПТҰРАҚТАН БІР-АҚ ШЫҚТЫ
Айыппұл төлеуден жалтарған жүргізушінің автокөлігі айыптұраққа қойылды. Заңбұлушылық "Қорғау" ақпараттық жүйесі арқылы
анықталды. Ордабасылық полицейлер жүргізген тексеріс барысында бірнеше құқықбұзушылық анықталды.
Мәселен, Volkswagen Passat автокөлігінің иесі 5 рет жылдамдықты шектен тыс асырған. Сақшылар жүргізушіні тоқтатып, заң талаптарын түсіндірді. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және әкімшілік айыппұлдарды белгіленген мерзімде төлеуге шақырады. Мұндай шаралар жолдағы тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін реттеуге мүмкіндік береді.