291 НЫСАНҒА 74,3 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН
Биыл заңсыз құрылыс белгілері бар 291 нысан анықталып, оларға 74,3 млн теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ рұқсат етілмеген орынға орнатылған 32 лэд экран бары белгілі болып, тиісті шара қолданылған. Бұл туралы қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді. Салада өзге қандай жаңалық бар? Толығырақ тілші тарқатып айтады.
Көшедегі билбордтар мен лэд экрандарға орналастырылған жарнамалар биыл қала қазынасына 1 млд 244 млн теңге пайда алып келген. Яғни, кәсіп иелері жарнама үшін төлейтін сомма жекенің қалтасына емес, мемлекет бюджетіне түседі.
Дәурен Мұқанов жиын барысында халыққа сапалы қызмет көрсету басты мақсат екенін айтты. Заңсыз құрылыс пен жөнсіз жарнамалардың алдын алу күн тәртібіндегі мәселе.
Баспасөз отырысы әрі қарай сұрақ-жауап форматында жалғасты. Басқарма басшысы журанлистер жолдаған сауалдарға жеке-дара тоқталып, толыққанды жауап берді.