170 ТОННА МАҚТА ЖАНЫП КЕТТІ
Түркістан облысында зауыт аумағындағы 170 тонна мақта жанып кетті. Өрт оқиғасы 17 қазанда күндіз мақта өңдеу зауытында орын алған.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Мақтаарал ауданындағы Жетісай - Атакент тасжолы бойында орналасқан мақта өңдеу зауытының ашық аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Зауыт аумағындағы жалпы салмағы 700 тонна мақта жиынтығының ішінен 170 тоннаны құрайтын төрт мақта бунты жанған. Өрт 242 шаршы метр аумақты шарпыды. Құтқарушыларының жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндірілді.