ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
Сайрам тұрғын алабында «Бір қадам – бір мақсат» марафоны ұйымдастырылды. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған шараға 500-ден астам адам қатысып, денсаулық пен белсенді өмір салтын таңдаудың маңызын көрсетті.
Спортқа деген қызығушылықты арттыру, тұрғындарды белсенді өмір салтына ынталандыру және қоғамда денсаулық мәдениетін қалыптастыру. «Бір қадам – бір мақсат» марафонының негізгі мақсаты осы. Шараға жиналған 500-ден астам қатысушы ортақ бастама аясында бас қосып, бұқаралық спорттың маңызын айқындады.
ӘЛІБЕК ДОСМҰХАММЕД, МАРАФОНШЫ
3 шақырымға жүргідік, бәрі жақсы. Осы спортпен айналып жүргеніме 5-6 жыл болды. Жарыста бірінші орын болып келдім. Алдағы жоспарым Түркістан марафонға қатысу, орын алуға тырысамын.
Жобаны SAYRAM PLANETA HOLDING пен Орта Азия жоғары медициналық колледжі бірлесіп ұйымдастырды. Марафонның өтуіне 26 демеуші қолдау көрсеткен. Бұл – бұқаралық спортты дамытуға және қоғамда салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға бағытталған ортақ бастаманың маңызын көрсетеді.
ДОДАРА ХАСАНОВА, ОРТА АЗИЯ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сайрамда алғаш рет марафон ұйымдастырылып отыр. Бұл мараофнның негізгі мақсаты мына жаңа Қазақстанды дені сау ұлтпен бірге құру болды және бизнес өкілдерін бір мақсатта жинап осы Сайрам елді мекенін дамыту мақсатында ұйымдастырылп отыр.
Шараның негізгі ұстанымы «Жаңа Қазақстан – дені сау ұлтпен бірге!» деген ұранмен сабақтасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортты тек кәсіби деңгейдегі жарыстармен шектемей, күнделікті өмір салтына айналдыру маңызды.