Негізгі Жаңалықтар САПАЛЫ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЙДІ

САПАЛЫ БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЙДІ

Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе тұрғын алабында кішкентай тұрғындардың ұзақ күткен қуанышы орындалды. Аудан аумағында заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Балалар алаңшасы Халық қатысатын бюджет жобасы аясында салынды.


Балалар ойын алаңшасына Бин холдинг серіктестігінің шығарған элементтері қойылған. Бұл мекеме бұған дейін 30-ға жуық ойын алаңшасын тұрғызып үлгерген.



Бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселе оң шешімін тауып, бүгінде Мәртөбедегі балалардың сүйікті демалыс орнына айналды. Жаңа алаңша сапалы әрі қауіпсіз төсеніштермен жабдықталып, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын элементтерімен және спорттық бұрыштармен қамтылған.



Жергілікті билік өкілдері балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді өткізуіне бағытталған мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Енді Мәртөбелік бүлдіршіндер күн сайын таза ауада белсенді түрде демалып, спортпен шұғылдана алады.


Бөлісу