МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ
2025 жылғы мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталды. Берешегі бар азаматтарға қарызды уақытылы өтеу маңызды. Әйтпесе банк шоттарына шектеу қойылып, шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін.
Шымкент тұрғындарының 96 пайызы мүлік салығын уақытылы төлеген. Ал берешегі бар азаматтарға қарызды өтеу үшін 30 жұмыс күні беріледі. Белгіленген мерзімде төлем жасалмаса, іс сот орындаушыларына жолдануы мүмкін.
ҚАЙРАТ ДАУЖАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ, САЛЫҚТЫ ӘКІМШІЛЕНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
2026 жылдың бірінші қазанына белгіленген мүліктік салықтың төлену мерзімі. Одан кешіккен жағдайда жеке сот орындаушыларына хабарлама жолданады. Хабарлама 30 күн уақыты беріледі. 30 күннің ішінде төленбеген жағдайда жеке сот орындаушылары оны мәжбүрлі өндіріп алу үшін банк есепшщоттарын бұғаттайды. 40 айлық есептік көрсеткіштен асқан берешегі бар салық төлеушілер 157280 теңгеден асқан салық өлеушілерге банктік шотын бұғаттау және ше мемлекетке шығуға тиым салынады.