ОЙЫН АЛАҢЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ – ОТАНДЫҚ ӨНІМ
Қаратау ауданына қарасты Мәртөбе тұрғын алабында кішкентай тұрғындардың ұзақ күткен қуанышы орындалды. Аудан аумағында заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ал элементтерді жергілікті «FEN HOLDING» серіктестігі шығарады.
Отандық өндірісті өркендетіп, қала көркіне үлес қосып келе жатқан «FEN HOLDING» серіктестігінің нарықта жүргеніне 3 жыл болған. Осы уақыт ішінде кәсіпорын шаһардағы 30-ға жуық балалар ойын алаңшасын қажетті элементтермен толық қамтамасыз еткен. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне басымдық беретін ұжымның жұмысына бүгінде сұраныс жоғары.
ЕЛХАН ӘЛІШ, «FEN HOLDING» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Ең бірінші атап өтетін ол балалардың қауіпсіздігі. Сол мақсатта біз арнайы эксперттерді жалдап, лабораториядан өткізіп, еуразиялық экономикалық одақтың балалардың қауіпсіздігі бойынша белгіленген регламенті сәйкестік бойынша серитификаттарын толық алғанбыз. Сол мақсатта Қаратау ауданындағы мәртөбе елдімекенінде толықциклды өндіріс шығады. Балалар ойын алаңшасыны. Келіп түскн сұраныстан бастап объектінің басына орнатуға дейін толық орындап береміз.
Мәртөбе елді мекенінде жаңа әрі заманауи ойын алаңшасы пайда болды. Жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында «FEN HOLDING» мекемесінің қолдауымен жүзеге асты. Жаңа алаңша заманауи талаптарға сай сапалы әрі қауіпсіз төсеніштермен төселген. Мұнда әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын элементтері орнатылған. Бұдан бөлек, дене шынықтырумен айналысамын деушілерге арнайы спорттық бұрыштар да қарастырылған.
ЕЛХАН ӘЛІШ, «FEN HOLDING» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Бүгінгі таңда біздің мекеме 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Қызметкердің жататын орнымен душпен барлық гигиеналық заттармен тоылқ қамтамасыз етілген. Барлық ойын элементтері экологиялық таза, балаларға қауіпсіз заттардан құралады. Ол деген ағаш, одан бөлек оны өңдеу процесі, арнайы лактармен балаларға зиян келмейтін құралдармен өңделеді. Жалпы соңғы жылдары президентіміздің бастамасымен халық қатысатын жоба іске асырылуда. Ол деген халық өзі ұсынады. Ұсынып жоба іске асырылады. Біз халыққа осындай алаңшаларды табыстап тұрғындармен бірлесе олардың ұсыныс пікірлерін ескере отырып тұрғындарға табыстаймыз.
Айта кетейік, серіктестіктің өнімдеріне Шымкенттен өзге Түркістан облысы мен еліміздің өзге өңірлерінен сұраныс артқан. Мекеме балалар ойын алаңдарынан бөлек, спорттық тауарлар да шығарады. Сондай-ақ шағын сәулет нысандары мен металл және мәрмәр бұйымдарды өндірумен де айналысады.