Негізгі Жаңалықтар БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 320 ӨРТ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 320 ӨРТ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Жыл басынан бері Шымкентте 320-дан астам өрт, 200-ден астам төтенше жағдай тіркелген. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде әрекет етіп, тілсіз жауды уақытылы ауыздықтаған. Бүгін – уақытпен санаспай, ел қауіпсіздігі үшін басын қатерге тігетін төтеншеліктердің кәсіби мерекесі. Атаулы күн аясында мамандар жастармен кездесіп, салаға қатысты қызықты ақпараттармен бөлісті.

Бүгін – төтеншеліктердің кәсіби мерекесі. Осыған орай мамандар жастармен жүздесіп, пікір алмасты. Саланың қызығы мен қиындығын баяндап, қауіп-қатердің алдын алу жолдарын түсіндірді. Қауіпсіздік талаптарын ескертіп, сақтық шараларын ұстану қажеттігін айтты.

СПИКЕР: АСҚАР ШӘРІП, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ

04:05 – «Әлі күнге дейін пеш, сертификатталмаған қондырғы пайдаланатындар бар. Міне, қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан табиғи газдан, улы газдан улану фактілері тіркеліп жатады. Осыны ескере отырып, біз тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануды талап етеміз». – 04:33 // 554_2768 //

КСМ: Улы газ адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Одан сақтану үшін мамандар әр үйге арнайы дабылқаққыш орнату қажеттігін айтады. Құрылғы улы газды анықтап, үй иесіне белгі береді. Биыл төтеншеліктер осындай құрылғыларды әлеуметтік жағдайы төмен 150-ден астам отбасына тегін орнатқан. Жиынға қатысқан екінші курс студенті Ақмарал Әбдіғаппарова кездесудің пайдалы болғанын, бұрын-соңды естіп-білмеген ақпарат алғанын айтады.

СПИКЕР: АҚМАРАЛ ӘБДІҒАППАРОВА, СТУДЕНТ

01:36 – «Бір ғана салғырттық газбен улануға алып келетінін түсіндік. Қауіпсіздік ережелерімен таныстық». – 01:53 // 554_2771 //

КСМ: Белсенді жастар – төтеншеліктердің қолқанаты. Биыл еріктілер құтқарушылардың 38 іс-шарасына қатысып, саламен жақыннан танысқан. 3 500 жасқа айтып келмейтін апаттар туралы жадынамалар таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

СПИКЕР: ҚУАНЫШ СЕРІКБАЙ, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

01:26 – «Жақында ғана шомылу маусымы аяқталды. Ерікті жастар сонда белсенді жұмыс істеп, елге түсіндіру жұмыстарын жүргізді». – 01:47 // 554_2769 //

КСМ: Жиын соңында салаға серпін беріп, біліктілігімен көзге түскен мамандар марапатталды. Белсенді жастар спикерлерге сауал жолдап, нақты жауап алды.


Бөлісу